jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық велошабандоз "Түркия турында" топ жарды

    Алексей Луценко Азия ойындарында
    Алексей Луценко Азия ойындарында Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Жақында ғана аяқталған Азия ойындарында бір алтын мен бір күміс жеңіп алған Алексей Луценко Ханчжоудан оралған бойда тағы бір жеңіске қол жеткізді. Отандасымыз "Түркия турында" топ жарды, деп хабарлайды BasSport.kz.

    Алексей Луценко Азиададан жүлдемен оралып, бірден "Түркия турының" ең қиын "корольдік кезеңінде" жеңіске жетті. Отандасымыз таулы жердің жоғары сатысымен жүріп өтетін аса ауыр кезеңді еңсеріп, мәреге бірінші келді.

    "Astana Qazaqstan Team" капитаны 104,1 шақырымды 3 сағат 34 минут 17 секундта бағындырды.

    Екінші орынды германиялық Бен Звиехофф енішлесе, үздік үштікті тағы бір қазақстандық спортшы Харольд Техада қорытындылады.

    Жарыстың жалпы есебінде әзірге осы үш велошабандоз көш бастап тұр. "Түркия туры" сайысы 15 қазан күні аяқталады.

    Айта кетейік, Алексей Луценко Азия ойындарында жақсы өнер көрсетіп, Қазақстан қоржынына екі медаль салды. Тасжолдағы велоспорттан ел намысын қорғаған спортшы жекелей сында алтын жүлде, ал топтық жарыста күміс медаль жеңіп алды.

    Қазақстандық велошабандоз "Түркия турында" топ жарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.