Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алексей Луценко Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды

Опубликовано:

Алексей Луценко Азия ойындарында
Алексей Луценко Азия ойындарында Фото: Нұрғали Жұмағазы

Тасжолдағы велоспорттан ел намысын қорғаған велошабандоз Алексей Луценко жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлер арасындағы топтық жарыста бақ сынаған Алексей Луценко мәре сызығын екініш болып кесіп, Ханчжоудағы құрлықтық доданың күміс жүлдесіне қол жеткізді.

Дәл осы жарыстық алтынын тағы бір қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров иеленді. Қола жүлде моңғолиялық Жамбалцамтс Саибайярдың еншісінде.

Жарыс жолына шыққан тағы бір қазақ велоспортшысы Дмитрий Груздев 5-ші, Глеб Брусенский 18-сатыдан көрінді.

Бұл - Алексей Луценконың биылғы Азиадада еншілеген екінші жүлдесі. Осыдан екі күн бұрын отандасымыз жекелей есеп сайысында тұғыр биігіне көтеріліп, алтын медальді қанжылаған еді.

Айта кетейік, Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.

Бүгін Азия ойындарында ел намысын қорғап жатқан екі спортшы финалға жолдама алды.

Нұржан Батырбеков Азия ойындарының жартылай финалында джиу-джитсудан 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері кореялық Чо Сон-хенді сабмишн әдісімен жеңіп, финалға шықты. Ақтық сында ол Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысымен кездеседі.

Сондай-ақ каратэден Қазақстан атынан шыққан Нұрқанат Әжіқанов жартылай финалда малайзиялық қарсыласынан басым түсіп, финалға өтті.

Қазір Қазақастан қоржынында 6 алтын, 12 күміс пен 35 қола медаль бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039681-aleksei-lucenko-aziya-oiyndarynyn-kumis-zuldesine-ie-boldy/

pixel