Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

23 жастағы Әлішер Сүлейменов әлемнің ең үздік шахматшысын жеңді

Опубликовано:

Әлішер Сүлейменов пен Магнус Карлсен
Әлішер Сүлейменов пен Магнус Карлсен. Фото: kazchess.kz

23 жастағы Әлішер Сүлейменов Дохада өтіп жатқан "Qatar Masters Open" турнирінің екінші айналымында әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді жеңіп, сенсация жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.

FIDE әлемдік рейтингінде Сүлейменов 528-орында, ал Карлсон бірінші орында.

Әлішер Сүлейменов Павлодар қаласында туған. Былтыр шахмат Олимпиадасында ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.

Магнус Карлсен Twitter желісінде жазба жариялап, сенсациялық жеңілісіне қатысты пікір білдірді.

"Керемет ойын өткізіп, жеңіске лайық болған қарсыласымды кінәлағым келмейді. Бірақ, шынымды айтсам, ойынның басында қарсыласымның сағат тағып жүргенін көріп, ойын кезінде жинақтала алмай қалдым.

Бұл ойларға тиісті түрде әсер ете алмағаным үшін бар жауапкершілікті өз мойныма аламын. Бірақ ұйымдастырушылардың алаяқтармен (ойын залында смартфондарымен серуендеп жүрген көрермендер) күреске салғырт қарайтыны қынжылтады", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2040856-23-zastagy-aliser-suleimenov-alemnin-en-uzdik-saxmatsysyn-zendi/

pixel