jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Александр Бублик Бельгиядағы турнирдің ширек финалына шықты

    Александр Бублик
    Александр Бублик. Фото: ktf.kz

    Қазақстандық теннисші Александр Бублик Бельгияда өтіп жатқан Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты. Ол жұптық сында ресейлік Александр Шевченкомен өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Отандасымыз 1/8 финалда ресейлік Александр Шевченкомен бірге бельгиялықтар Микаэль Гиртц — Готье Онклинге төтеп берді.

    Бірінші партия Бублик пен Шевченконың еншісінде болса - 7:6 (7:4), екіншісінде бельгиялық дуэт қарымта қайтарды – 6:4.

    Қазақстандық пен ресейлік жұп супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 12:10.

    Тартысты матч бір жарым сағатқа созылды. Қос Александр 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жібермеді. Гиртц пен Онклин 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

    Ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

    Айта кетейік, Александр Бублик жекелей сында 3-ракетка болып тіркелгендіктен, жарысты екінші айналымнан бастайды.

    Александр Бублик Бельгиядағы турнирдің ширек финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.