Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Швециялық жанкүйерлерге оқ атқан ер адам қаза тапты

Опубликовано:

Полиция қызметкерлері матчтан кейін
Полиция қызметкерлері матчтан кейін. Фото: Global Look Press

Бельгия-Швеция футбол матчы алдында екі швециялық жанкүйерге қарулы шабуыл жасаған ер адам оққа ұшып, көз жұмды. Полиция қызметкерлері ұстау операциясы кезінде оған оқ жаудырған.

DH Les Sports басылымы мәлім еткендей, лаңкестік әрекет жасаған азамат жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

Бұған дейін оның кім екені анықталды. Ол Тунис тумасы Лассуед Абдеслам болып шықты. Ер адамның бірнеше қаруы болған.

Айта кетейік, 16 қазанда Брюссельде ЕURO-2024 іріктеу кезеңіндегі Бельгия мен Швеция матчы басталмас бұрын екі адам оққа ұшты. Ел билігі мұны теракт деп бағалап, ойын өткізілмей қалды. Командалар бірінші таймды 1:1 есебімен аяқтап, содан кейін алаңға шықпай қойды.

Қаза тапқандар - Брюссельдегі матчқа өз елінің ұлттық құрамасын қолдау үшін келген Швеция азаматтары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2041352-sveciyalyq-zankuierlerge-oq-atqan-er-adam-qaza-tapty/

pixel