jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Денис Тен Мемориалы биыл Астанада өтеді

    Денис Теннің өмірден өткеніне төрт жыл толды
    Денис Тен. Фото: astanatimes.com

    2-4 қараша аралығында Астана қаласындағы "Барыс-Арена" кешенінде мәнерлеп сырғанаудан IV Денис Тен Мемориалы өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

    Биыл да ISU-дың Челленджер санатына кірген жарысқа 20-дан астам елдің спортшылары қатысады. Бұл қатарда Денистің достары да бар. Турнир кезінде жекелей сын (ерлер, әйелдер) мен мұзда билеуден үздіктер анықталып, ISU рейтингінің ұпайлары үлестіріледі. Сонымен қатар, жүлдегерлер қаржылай сыйақыға ие болады.

    Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир алғаш рет 2019 жылы Алматыда өткен. Сосын, 2021 жылы Астанада, ал былтыр қайта Алматы қаласында ұйымдастырылған.

    Айта кетейік, ISU Challenger Series турнирлері 2014 жылдан бастап қыркүйектен желтоқсанға дейін өтеді.

    Жыл сайын ISU, яғни Халықаралық конькишілер одағы Челленджер сериясындағы жарыстардың тізімін қайта бекітіп отырады.Осы орайда Денис Тен ISU Challenger сериясындағы турнирлерде 3 мәрте жеңіске жеткенін айта кетейік.

    Денис Тен Мемориалы биыл Астанада өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.