jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қарға көміліп қалған": таудан құлап кеткен ресейлік альпинист әйелдің денесіне жету мүмкін болмады

    Көрнекі фото
    Таудағы қар көшкіні. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Гималай шыңдарының бірін бағындырмақ болған ресейлік альпинист Надежда Оленеваның денесі қар астында қалды. Бұл турал ТАСС агенттігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Естеріңізде болса, Оленеваның сегіз мың метрлік шыңдардың бірін бағындырмақ болған кезде құлап кеткені анықталды.

    Кейін құтқарушылар құлаған альпинистің денесін биіктен көргенімен, ауа райының қолайсыздығына байланысты тікұшақпен жету мүмкін болмаған.

    Ал кеше Надежда Оленеваның денесін қар көшкіні жауып қалғаны белгілі болды.

    "Ресейлік альпинистің денесу жатқан аумақты тағы да тікұшақпен қарадық. Өкінішке қарай, қар көшкіні жүріп, денесін басып қалған. Қардың қалыңдығы сонша, құтқарушылардың марқұмның денесін алып шығуына мүмкіндік жоқ", - деді ресейлік елшіліктің баспасөз қызметкері Александр Ивашёв.

    "Қарға көміліп қалған": таудан құлап кеткен ресейлік альпинист әйелдің денесіне жету мүмкін болмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.