jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Теннисші Александр Бублик Бельгиядағы турнирдің ширек финалына өтті

    Александр Бублик
    Александр Бублик. Фото: ktf.kz

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Антверпен (Белгия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап.

    Жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркеліп, екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған франциялық Грегуар Баррерге қарсы өткізді.

    Бублик қарсыласынан 6:4, 6:2 есебімен басым түсті. Бәсеке барысында қазақстандық 11 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Матч 1 сағат 7 минутқа созылды.

    Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 226-сатыдағы тағы бір франциялық, 20 жастағы Джованни Мпетчи Перрикармен кездеседі.

    Теннисші Александр Бублик Бельгиядағы турнирдің ширек финалына өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.