jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Теннисші Андрей Голубев Швециядағы жарыстың жартылай финалына шықты

    Андрей Голубев
    Андрей Голубев. Фото: ktf.kz

    Қазақстандық теннисші Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап.

    Отандасымыз украиналық Денис Молчановпен бірге ширек финалда португалиялық Франсишку Кабраль – ұлыбританиялық Анри Паттенмен бақ сынасты.

    Бірінші партияда тай-брейкте Голубев пен Молчановтың мерейі үстем болды – 7:6 (7:4). Екіншісінде португалиялық-ұлыбританиялық дуэт есе қайырды – 7:6 (7:3). Супер тай-брейкте Голубев – Молчанов жеңісті жұлып алды – 10:8.

    Қазақстандық-украиналық жұп 7 брейк-пойнттың екеуін пайдалана алды. Тартысты кездесу екі сағат сегіз минутқа созылды.

    Андрей Голубев – Денис Молчановтың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

    Теннисші Андрей Голубев Швециядағы жарыстың жартылай финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.