Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" баскетбол клубы ВТБ лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Опубликовано:

"Астана" - "Пари Нижний Новгород".
"Астана" - "Пари Нижний Новгород". Фото: "Астана" баскетбол клубының баспасөз қызметі

"Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы жаңа маусымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Елордалық команда сырт алаңда қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Астана" баскетбол клубы кеше сырт алаңда "Пари Нижний Новгород" командасына қарсы ойнап, 78:73 есебімен жеңіске жетті.

Астаналық клуб 2011 жылдан бері алғаш рет Нижний Новгородта жеңіске жетті. Оған қоса, Олег Киселев шәкірттері алты жылда бірінші рет "Пари НН" командасынан басым түсті.

"Астана" келесі матчын 25 қазан күні өз алаңында саратовтық "Автодорға" қарсы өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2041918-astana-basketbol-kluby-vtb-ligasyndagy-algasqy-zenisine-qol-zetkizdi/

pixel