Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еламан Қойшыбаев пен Асылжан Орынбасарова күміс жүлдеге ие болды

Опубликовано:

Еламан Қойшыбаев пен Асылжан Орынбасарова
Еламан Қойшыбаев пен Асылжан Орынбасарова. Фото: Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Бүгін, 22 қазанда Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында қазақ самбошылары тағы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аралас командалық сында Еламан Қойшыбаев пен Асылжан Орынбасарова (65 кг) күміс жүлдегер атанды. Олар Азия мен Тынық мұхиты аймағынан жасақталған екінші құрама сапында күш сынасты. Асылжан Еуропа-1 құрамасындағы ресейлік Яна Поляковадан жеңілсе, Еламан Беларусь палуанынан кеше жекелей сында кеткен есесін қайтарды. Жалпы есеп: 4-6.

"Біздің командада бізбен бірге Өзбекстан, Қырғыз және Моңғолия самбошылары болды. Финалға дейін 2 құраманы жеңдік. Кеше жартылай финалда жеңілген Беларусь спортшысымен кездесіп, ұттым. Екі күн күресуге күшім жетті. Кеше, бүгін 3 жекпе-жектен болды. Енді елге жеткен соң Щучинск қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, келе жатқан әлем чемпионатына дайындаламыз. Ол жерде 88 кг салмақта күресемін", - деді Еламан финалдан кейін.

Қазақстан құрамасы
Қазақстан құрамасы. Фото: Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Осы ойындарға лицензияны сары құрлық елдері биыл маусым айында Астана қаласында өткен Азия және Тынық мұхиты аймағының чемпионатында жеңіп алған. Осылайша, Ар-Риядта әр құрлықтың таңдаулы самбошылары ғана күресті.

"Күшім жетіп тұрды. Бұл самбошымен алдын күреспегенмін. Аңдысып жүрмей, бірден ашық белдесу керек еді. Ресей спортшысының ұпай алуына мүмкіндік беріп қойдым", - деп атап өтті Асылжан марапаттау рәсімінен кейінгі сұхбатында.

Айта кетейік, осымен V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында самбодан белдесулер аяқталды. Қазақстан құрамасы 7 палуан алып келіп, жекелей сында 1 алтын, 1 күміс пен 3 қолаға, ал миксте 2 күміс жүлдеге ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2042065-elaman-qoisybaev-pen-asylzan-orynbasarova-kumis-zuldege-ie-boldy/

pixel