jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Шахматшы Алуа Нұрманова Qatar Masters Open бәсекесінде жүлдегер атанды

    Алуа Нұрманова
    Алуа Нұрманова. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрманова Доха қаласында өткен Qatar Masters Open бәсекесінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

    Ұлттық құрама ойыншысы тоғыз турдан кейін 4,5 балл жинап, халықаралық спорт шеберінің 1-нормасын және әйелдер гроссмейстерінің 2-нормасын орындады.

    Үндістандық Рамешбабу Вайшали мен Дивья Дешмух 5 ұпайдан алды. Қосымша көрсеткіш бойынша алғашқысы топ жарды.

    Qatar Masters Open – әлемдегі ең беделді шахмат турнирінің бірі. Мұнда ФИДЕ рейтингі 2300-ден жоғары ойыншылар ғана сынға түсе алады. Биыл 44 елден 252-ден астам шаршы тақта шебері жиналды. Оның ішінде 8 шахматшының рейтингі 2700-ден асқан, ал 60-тан астамы гроссмейстер атағын алғандар. Турнирдің жүлде қоры 108 250 АҚШ доллары. Бас жүлде – 25 000 доллар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.