jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстандық каратэшілер жауынгерлік өнер ойындарында үш медаль жеңіп алды

    Қазазстандық каратэшілер
    Қазазстандық каратэшілер. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында WKF каратэден жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Бүгін кумите бағдарламасында финалға шыққан Диас Анарбеков (+84 кг) тартысты айқаста жарыс қожайыны Санад Суфианиге жол беріп, 2-орын алды. Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда чехиялық Ондрей Бошакты жеңген. Күндізгі сессияда Дидар 3 жекпе-жек өткізіп, екеуінде қарсыластан басым түскен.

    Ал 68 кг дейінгі салмақтағы Нурия Тізімбай өз тобында 1-орын алғанымен, жартылай финалда тәжірибелі марокколық Виссал Эззардан айласын асыра алмады.

    «Екі күнге созылған каратэшілер жарысында 3 медаль алдық. Оның екеуі күміс, біреуі қола. Барлығы Ұлттық құрама сапында 7 спортшы келді. Өкінішке қарай, бүгін бақ сынаған Николь Ценгель жарақат алып, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Жалпы мына ойындар біздің қыз-жігіттерге зор тәжірибе жинауға септігін тигізді»,-деді каратэшілерді бастап келген жастар құрамасының аға бапкері Шаттық Қажымұқан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.