jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Ерғали Шамей Паразиада ойындарының чемпионы атанды

    Ерғали Шамей
    Ерғали Шамей. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Ханчжоуда өтіп жатқан Паразиада ойындарының аясында Қазақстаннан келген спортшылар пара дзюдодан бірінші, екінші орынды иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

    Шешуші кездесуде Ерғали Шамей отандасы Асылан Нұрдәулетовпен күресті.

    Осылайша, қазақстандық пара дзюдошылар Қазақстан командасының қоржынына үшінші алтын және бесінші күміс медальді салды.

    "Біздің дзюдошылар тағы да керемет нәтиже көрсетті! Қазақстан сіздермен мақтанады және сіздерге жанкүйер. Алдағы турнирлерде де Қазақстан гимні шырқала берсін. Жаңа белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспін", - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.