Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олжас Оразәліұлы Паразиада ойындарының жеңімпазы атанды

Опубликовано:

Олжас Оразәліұлы финалда
Олжас Оразәліұлы финалда. Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты. Олжас Оразәліұлы пара дзюдодан ақтық сында қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

73 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Олжас Оразәліұлы (J2 санаты) пара дзюдодан алтын медаль иегері атанды.

Алтын медаль үшін күресте ол өзбек спортшысы Феруз Саидовты жеңді.

"Біздің парадзюдошымыз өзінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олжасты Азия пара ойындарының алтын медалін жеңіп алуымен құттықтаймын!",- деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ханчжоуда өтіп жатқан Паразиада ойындарының аясында Қазақстаннан келген спортшылар пара дзюдодан бірінші, екінші орынды иеленді.

Шешуші кездесуде Ерғали Шамей отандасы Асылан Нұрдәулетовпен күресті. Осылайша, Ерғали Шамей Нұрдәулетовтен басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2042385-olzas-orazaliuly-paraziada-oiyndarynyn-zenimpazy-atandy/

pixel