Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан армрестлинг құрамасы әлем чемпионатында топ жарды

Жарияланған күні:

Армрестлингтен жарыс
Армрестлингтен жарыс. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында қол күресінен жарыс аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы есепте топ жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ спортты дамыту дирекцияcына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы армрестлингтен екінші жарыс күні оң қолмен күресте 2 алтын, 2 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алды. Есболат Қаржау (100 кг) мен Нышанәлы Сәнім (пара армрестлинг, тұрып күресу) чемпион атанса, Никита Ермаков (пара армрестлинг, отырып күресу) пен Раушан Жаналиева (+80 кг) ақтық сында қарсыласқа есе жіберді. Сандуғаш Сейдіш (55 кг) пен Бағжан Шаменов (80 кг) үздік үштікті түйіндеді.

Осылайша, отандастарымыз 7 алтын, 3 күміс және 8 қола медальмен бірінші орын алды. Одан кейін 5 алтыны бар Украина тұрақтады.

Ал жалпы командалық есепте Қазақстан делегациясы 12 алтын, 13 күміс, 23 қола жүлдегер қол жеткізіп, 2-орында келе жатыр. Көш басында Украина (21 алтын, 15 күміс, 13 қола). Үздік үштікте жарыс қожайыны Сауд Арабиясы (10, 19, 18).

Айта кету керек, V бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары ертең аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2043147-qazaqstan-armrestling-quramasy-alem-cempionatynda-top-zardy/