jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық шорттрекшілер әлем кубогында үздік үштікке енді

    Шорт-трек
    Шорттрекшілер. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы әлем кубогы кезеңінде қола жүлде иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

    Монреаль қаласында шорт-тректен өткен әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстанның ерлер құрамасы 5000 метр қашықтықты 7:05, 352 уақыт көрсеткішімен еңсеріп, мәреге үшінші болып жетті. 

    Бұл жарыста 14 елден 168 қатысушы сынға түскен болатын. 

    Алтын жүлде Қытай құрамасына бұйырса, күмісті Канада спортшылары еншіледі. Ал үздік үштікті Қазақстан командасы түйіндеді. 

    Аталмыш бәсекеде еліміздің намысын Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев қорғады. Бұл ұлттық команданың жаңа маусымдағы алғашқы медалі.

    Қазақстандық шорттрекшілер әлем кубогында үздік үштікке енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.