Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шахматшы Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңді

Жарияланған күні:

шахматшы
Бибісара Асаубаева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Grand Swiss 2023 турнирінде қытайлық Тан Чжунъиді жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым жазуынша, Бибісара Асаубаевадан жеңілген Чжунъи – әйелдер арасындағы он алтыншы әлем чемпионы.

Ал Асаубаева осы жеңісінің арқасында 5 балдың 4.5-ін жинап, турнирде көш бастаған.

Жеңісіне қатысты пікір білдірген қазақстандық шахматшының айтуынша, турнир кестесіне мән бермеуге тырысады.

"Мен ештеңеге көңіл аудармай, өз ойынымды ойнаймын. Ойнай білгенімше ойнаймын. Бірақ бүгінгі ойын ерекше болды. Бірнеше жүрістен кейін ойын өз ойымдағыдай өрбімей жатқанын түсіндім, соған қарамастан ойынды жалғастыра бердім. Кейін жасаған жүрістерім дұрыс екенін түсіндім. Аз уақыт қалғанда тек ең жақсы жүрісті жасауға тырыстым", - дейді Асаубаева ойыннан кейін.

Айта кетелік, Grand Swiss 2023 турнирі Мэн аралының астанасы Дуглас қаласында өтуде. Бұл жарысқа тағы бір қазақстандық шахматшы – Меруерт Камалединова қатысуда. Ол үш ұпаймен әзірге 12-орында тұр. Жалпы турнирде 50 шахматшы бағын сынауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2043253-saxmatsy-bibisara-asaubaeva-alem-cempionyn-zendi/