jitsu gif
Спорт

    Бублик Париждегі турнирде әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті

    Александр Бублик жарыста
    Александр Бублик жарыста. Фото: Қазақстан теннис федерациясы

    Қазақстандық теннисші Александр Бублик "Париж мастерс" турнирінің екінші айналымына шықты. Ол әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап.

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Париж мастерс турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафомен бақ сынасты.

    Бублик бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ол осы уақыт ішінде 11 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. 

    Александр Бублик 1/8 финалға шығу үшін әлемнің 20-ракеткасы, Чили өкілі Николас Харримен кездеседі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.