Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теннисші Елена Рыбакина ойынды соңына дейін жалғастыра алмады

Опубликовано:

Теннисші Рыбакина
Теннисші Рыбакина. Фото: Minas Panagiotakis/Getty Images

Елена Рыбакина Мексикада өтіп жатқан WTA турнирі қарсаңында белоруссиялық Арина Соболенкоға қарсы ойынды толық аяқтай алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 3 қараша күні таңғы уақытта Елена Рыбакина қыздар арасында әлемнің бірінші теннисшісі саналатын Арина Соболенкомен өзара кіл мықты анықтауы тиіс еді. Әйтсе де, ауа райының қолайсыздығы, нөсер жауынның тоқтамауы жоспарланған ойынды кейінге қалдыруға себеп болды.

Ойынның тек алғашқы сет бөлігі ғана аяқталды. Бірінші сет нәтижесі бойынша Арина Соболенко 5:1 есебімен Елена Рыбакинадан алда тұрған еді. Жақын уақытта ойын қайтадан жалғасады.

Еске сала кетейік, Рыбакина бұған дейін әлемнің тоғызыншы теннисшісі саналатын грекиялық Мария Саккариді жеңген еді. Егер жерлесіміз Соболенконы жеңетін болса, аталмыш турнирдің финалында бақ сынауға мүмкіндік алады.

Материал авторы: Ерасыл Сайлауғали

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2043910-tennissi-elena-rybakina-oiyndy-sonyna-deiin-zalgastyra-almady/

pixel