jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакинаның қашан ойнайтыны белгілі болды

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: instagram.com/lenarybakina

    Теннисші Елена Рыбакинаның WTA турнирі қарсаңында өтуі тиіс жартылай финалдық ойынның нақты уақыты анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мексиканың Канкуне қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің финалдық жолдамасын сарапқа салған Рыбакина мен Соболенко арасындағы бүгінгі шешуші ойын ауа райының қолайсыздығына байланысты аяқталмай қалған еді.

    Алғашқы сет қорытындысы бойынша белоруссиялық Арина Соболенко 6:2 есебімен алдыға шыққан болатын. Дегенмен Елена Рыбакина екінші сет барысында 5:3 есебімен жеңіп жатқан шақта ауа райы күрт бұзылып, ұйымдастырушылар ойынды уақытша тоқтатуды дұрыс деп тапқан.

    Елена Рыбакина мен Арина Соболенко арасындағы ойын 3 қарашадан 4 қарашаға ауған түні Астана уақытымен сағат 01:30-да жалғасады.

    Айта кетейік, жерлесіміз финалға шыққан жағдайда америкалық теннисші Джессика Пегулаға қарсылас атанады. Сонымен қатар Рыбакинаның әлемдік рейтингте бір саты жоғарылап, үшінші орынға тұрақтауға мүмкіндігі бар.

    Материал авторы: Ерасыл Сайлауғали

    Елена Рыбакинаның қашан ойнайтыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.