jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Елена Рыбакина Соболенкодан жеңіліп, WTA қорытынды турнирінен шығып қалды

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Rob Newell/Getty Images

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде әлемнің 1-ракеткасы Арина Соболенкодан жеңіліп, жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық және белоруссиялық теннисшілер топтық кезеңнің үшінші туры аясында кездесті.

    Елена Рыбакина мен Арина Соболенко арасындағы матч негізі 3 қарашаға қараған түні басталған еді. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші сет кезінде матч тоқтатылып, ойын келесі күнге, 4 қарашаға ауыстырылған болатын.

    Сенбіге қараған түні матч қайта жалғасып, Рыбакина екінші сетте ұтқанымен, жалпы ойын қорытындысы бойынша Беларусь өкіліне 2:6, 6:3, 3:6 есебімен жол берді.

    Айта кетейік, WTA қорытынды турнирі Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатыр. Елена Рыбакина мен Арина Соболенко арасындағы матч 2 сағат 27 минутқа созылды.

    Елена Рыбакина Соболенкодан жеңіліп, WTA қорытынды турнирінен шығып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.