jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Жібек Құламбаева Тунистегі жарыстың жеңімпазы атанды

    Жібек Құламбаева
    Жібек Құламбаева кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Монастир (Тунис) ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап.

    Отандасымыз қытайлық Гао Синьюймен бірге финалда Алена Фалей (Беларусь) – Полина Яценкомен (Ресей) шеберлік байқасты. Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық дуэт қарсыластарына гейм берген жоқ – 6:0.

    Екінші сетте белоруссиялық-ресейлік жұп есе қайтара алды – 6:2.

    Ал супер тай-брейкте Құламбаева мен Синьюй жеңісті жұлып алды – 10:7. Жібек жұптық сында кезекті титулына қол жеткізді.

    Жібек Құламбаева Тунистегі жарыстың жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.