Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теннисші Бейбіт Жұқаев мансабында алғаш рет "Челленджер" турнирін жеңді

Опубликовано:

Бейбит Жукаев
Бейбит Жукаев. Фото: ktf.kz

АҚШ-тың Шарлотсвилл қаласында өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің финалында қазақстандық Бейбіт Жұқаев пен америкалық Эйдано Майо кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

23 жастағы қазақстандық теннисші спорттық мансабында алғаш рет "Челленджер" турнирінде жеңімпаз атанды. Финалдық кездесуде ATP рейтингісінде 376 орында тұрған Эйдано Майомен күш сынасып, 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Осы жеңістің арқасында Бейбіт Жұқаев ATP рейтингісінде 247 орыннан, 193 орынға көтерілді.

Айта кетейік, ATP 500 Astana Open турнирінде әлемнің жетінші ракеткасы Новак Джокович қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаевты спортшы ретінде мақтаған еді. Ақтаулық жас спортшының допты ойынға қосуына жоғары баға берген Новак Бейбітті өзінің оқу-жаттығу жиынына да шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2044259-tennissi-beibit-zukaev-mansabyndagy-algasqy-cellendzer-turnirin-zendi/

pixel