jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    WTA рейтингі жаңарды: Елена Рыбакинаның нешінші орында екені белгілі болды

    Теннисші Елена Рыбакина
    Теннисші Елена Рыбакина. Фото: Artur Widak/Getty Images

    Канкун қаласында өткен WTA Finals турнирі мәресіне жетті. Ига Швентек жеңімпаз атанып, рейтингте бірінші орынға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мексиканың Канкун қаласында өткен WTA турнирі аяқталды. Польша елінің теннисшісі Ига Швентек финалда америкалық Джессика Пегулуды 6:1, 6:0 есебімен жеңіп, әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Игада жалпы есепте 9295 ұпай.

    Ал WTA рейтингінде екінші орында, жарысты жартылай финалдан аяқтаған белоруссиялық Арина Соболенко (9050 ұпай). Үздік үштікті америкалық Коко Гауфф түйіндеді (6580 ұпай).

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 6365 ұпаймен төртінші орынын сақтап қалды. Айте кетейік, Рыбакина WTA Finals турнирінің 1/4 ойынында белоруссиялық Арина Соболенкоға есе жіберіп, жарысты аяқтаған еді.

    WTA рейтингі жаңарды: Елена Рыбакинаның нешінші орында екені белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.