Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Лас-Вегас керемет, алайда туған жеріңе жетпесі анық": Айбек Тоқаевтың АҚШ-қа сапары қалай өтті

Опубликовано:

Айбек Токаев
Айбек Токаев. Фото: Parimatch

Айбек "TA2000" Тоқаевтың Тhe International-дағы дебютін тез өткізсе де, ол жерде артынан із қалдырып оралды. Қазақстандық спортшы Дота 2 бойынша бас турнирдің ауқымын бағалап, Вегасты көріп, туған жеріне жақсы көңіл-күймен оралды. Толығырақ спортшымен өткен сұхбаттан білетін боласыз.

The International 2023 қазақстандық киберспорт үшін Айбек "TA2000" Тоқаев пен Әлімжан "watson" Исламбековтің арқасында тарихи болды деп айтуға болады. Тоқаевтың Quest eSports командасы Тhe Bali Major-да сенсация жасап қана қоймай, іріктеу матчтарында Team Secret-ті жеңіп, Puppey-ді дебюттік турнир уақытымен алғашқы TI-ді жіберіп алуға мәжбүр етті.

АҚШ-та командалардың бағдарламасы қарқынды болды: баспасөз шаралары, фотосессиялар, жаттығулар. Тоқаевтың айтуынша:

"Жалпы турнирді ұйымдастырудан алған әсеріміз жақсы. Әрине, одан да жақсырақ ұйымдастыруға болар еді. Бірқатар проблемалардың ішінде орын алған, заманға сай емес компьютерлер болды: топтық кезеңнің басында микротолқынды пеште ойнап жатқандай сезімде болдық".

Өкінішке қарай, артқан үміттер шындыққа сәйкес келе бермейді. Команда жарыстан бастапқы кезеңде-ақ шығып қалды, бірақ команда құрамындағы аздаған өзгерістермен қайта жаттығуға дайын отыр:

"Жарысқа дейін үлкен үміт артқан болатынбыз, әсіресе командамен "ПСЖ" сияқты ірі клуб келісімшартқа қол қойған болатын. Нашар дайындығымызға байланысты алаңдаушылық болды, бірақ осылай тез ұшып кетуіміз жанымызға батты. Бірнеше күннен кейін көңіліміз орнына түсіп, жаңа маусымға дайындала бастадық. Malik-пен офлайн режимде жаттығатынымыз құпия емес шығар деп ойлаймын. Біз бұрынырақ бірге ойнаған едік, сондықтан болашақ турнирлерде үйлесімді ойын өткіземіз деген үмітім бар".

Айбек Сиэтлден басқа, әйгілі "күнәлар қаласына" да сапар шегіпті. Алайда көп ұзамай, туған елін сағынған екен:

"АҚШ-та мен бірінші рет болдым. Жарысың бастапқы кезеңінен шығып кетуімізге байланысты, серуендеуге көп уақытымыз болды, тіпті Лас-Вегасқа да барып келдік. Қала өте әдемі, шөлдің дәл ортасында, Дубай сияқты. Басқасымен таң қалдырмады. Шын мәнінде, мен саяхаттауды онша ұнатпаймын. Маған өз үйімде, өз бөлмемде, компьютерімнің алдында жайлы".

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2044543-las-vegas-keremet-alaida-tugan-zerine-zetpesi-anyq-aibek-toqaevtyn-aqs-qa-sapary-qalai-otti/

pixel