jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Теннистен Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының топтық кезеңінен шыға алмады: Рыбакина неге қатыспады

    Анна Данилина мен Юлия Путинцева
    Анна Данилина мен Юлия Путинцева. Фото: ktf.kz

    Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасы үшін Испаниядағы Әлем чемпионаты аяқталды. Топтық кезеңдегі барлық қарсыластарымызға есе жібердік, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Испанияның Севилья қаласында теннистен Билли Джин Кинг турнирі өтіп жатыр. Қазақстан үлттық құрамасы Словения және Аустралия командаларымен "В" тобында өнер көрсетті. Алайда екі ұжымға да жеңіліп қалды. Қазақстандық спортшылар жарыстың алғашқы күні Аустралия ұжымына 1:2 есебімен жеңілген еді. Ал бүгін Словения ұлттық құрамасына қарсы сәтсіз ойын көрсетіп, топтық кезеңнен шыға алмады.

    Словенияға қарсы кездесудің бірінші ойыны қазақстандық Анна Данилина мен словениялық Кайе Юван арасында өтті. Орталық Еуропадан келген теннисші 1:6 және 0:6 есебімен жеңіске жетті.

    Екінші кездесуде қазақстандық Юлия Путинцева словениялық Тамара Зиданшекке бірінші сетте 2:6 есебімен жеңілді. Осылайша Қазақстан құрамасы жарысты топтық кезеңнен аяқтады.

    Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жарақатына байланысты кортқа шыға алмады. Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Ярослава Шведова Рыбакинаның жарақатына қатысты ресми мәлімдеме жасаған еді:

    "Канкунда өткен турнир көп спортшылар үшін ауыр болғаны белігілі. Теннисшілердің көбі жарыс кезінде жарақат алып қалды. Біздің спортшы Елена Рыбакина да солардың қатарында".

    Теннистен Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының топтық кезеңінен шыға алмады: Рыбакина неге қатыспады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.