Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан - Сан-Марино матчынан кейін астаналықтар алаңның қоқысын жинап тастады (фото)

Опубликовано:

Жанкүйерлер мен еріктілер қоқыс жинауда
Жанкүйерлер мен еріктілер қоқыс жинауда. Фото: Елорда әкімдігі ресми сайты

Астанада Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасындағы матчтан кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге алаңдағы қоқысты жинаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордалық еріктілер мен жанкүйерлер тобы Еуро-2024 іріктеу аясында Қазақстан құрамасының Сан-Марино командасына қарсы матчынан кейін "Астана Арена" стадионында қоқыс жинаған.

"Футбол жанкүйерлері мен елорда тұрғындарының белсенділігі ғана емес, олардың тазалығы кімді болмасын таң қалдырды. Өйткені, тазалық жұмысына "Астана Жастары" КММ белсенділері мен еріктілері де, Астананың тұрғындары да атсалысты", - делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, кеше, 17 қарашада Қазақстан өз алаңында Сан-Марино құрамасын қабылдап, 3-1 есебімен жеңіске жетті. Ислам Чесноков дубль авторы атанса, Абат Айымбетов бір гол соқты.

Отандық футболшыларды қолдау үшін "Астана аренаға" ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әнші Димаш Құдайберген, спортшы Ольга Рыпакова, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев және басқа да белгілі адамдар келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2046395-qazaqstan-san-marino-matcynan-keiin-astanalyqtar-alannyn-qoqysyn-zinap-tastady-foto/

pixel