jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Еуроға соңғы қадам: Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариноны жеңіп кетті

    Қазақстан - Сан-Марино матчы
    Қазақстан - Сан-Марино матчы. Фото: Ақорда

    Бүгін, 17 қарашада Eуро-2024 турниріне іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Марино командасын қабылдады. "Астана Аренада" өткен кездесуде отандастарымыз 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Магомед Адиевтің ойыншылары мачтың алғашқы таймын сенімді бастады. Ойынның 19-минутында жартылай қорғаушы Ислам Чесноков есеп ашып, кейін 51-минутта дубль жасады.

    Қарсылас команда сапынан Франчози жалғыз голдың авторы атанды. Ол ойынның 60-минутында Қазақстан ұлттық құрамасының қақпасына гол соғып, есеп қысқартты. Алайда екінші таймның соңында шабуылшы Абат Айымбетов пенальтиді сәтті орындап, ойынның нүктесін (3:1) қойды.

    Бүгінгі матчты тамашалау үшін стадионға 30 100 жанкүйер жиналды.

    Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Сариноны жеңіп, Н тобында 18 ұпай жинады. Еуропа чемпионатына жолдама тағдыры соңғы турдағы Словения – Қазақстан матчында шешіледі. 

    Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – Сан-Марино" матчын көруге "Астана Арена" стадионына келді.

    Сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясы Сан-Марино құрамасына қарсы ойынды бастайтын футболшылардың тізімін жариялағанын жазған едік.

    Еуроға соңғы қадам: Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариноны жеңіп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.