Қазақстандық жекпе-жек шеберлері Әлем чемпионатын сәтті аяқтады
Опубликовано:
АҚШ-тың Даллас қаласында ушудан 16 рет өткізіліп жатқан Әлем чемпионаты мәресіне жетті. Санда түрінен Қазақстан ұлттық құрама спортшылары 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Спорт дамыту дирекциясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.
Бүгін, 21 қарашада АҚШ-тың Даллас қаласында ушу спортынан 16 рет ұйымдастырылып жатқан Әлем чемпионаты аяқталды. Оның ішінде санда жекпе-жек түрінен ұлттық құрама спортшылары жалпы есепте 4 жүлдеге қол жеткізді.
- +90 келіде Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (күміс медаль);
- 75 келіде Ақниет Марат (қола медаль);
- 65 келіде Бексұлтан Коскенов (қола медаль);
- 56 келіде Ислам Каримов (қола медаль).
2023 жылғы Әлем біріншілігіне 80 мемлекеттен 800-ге жуық жекпе-жек шебері жиналды. Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы есепте 16-сатыға тұрақтады.
Айта кетейік, осыған дейінгі Әлем чемпионаты 2019 жылы Шанхай қаласында өткен еді. Сол жарыста ұлттық құрама спортшысы Ислам Каримов (52 кг) қола жүлде жеңіп алған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2046871-qazaqstandyq-zekpe-zek-seberleri-alem-cempionatyn-satti-ayaqtady/