Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жыл қарсаңындағы шайқас: Данияда CS2 турнирі басталады

Опубликовано:

BLAST Premier
Фото: Parimatch Kazakhstan

Копенгагенде BLAST Рremier күзгі маусымының жеңімпазын анықтау үшін CS2 бойынша 8 үздік команда жиналды. Fall Final 2023 жеңімпаздарына - BLAST Premier: World final 2023-ке жолдама және 425 мың долларлық жүлде қоры қарастырылған.

Жеңіске үміткерлер тізімі

А тобында FaZe — Pyjamas in Ninjas және Cloud9-NAVI шайқасады.

Ал В тобында: Vitality-Heroic және Complexity-Astralis.

Әр топтан үздік үш команда плей-оффқа шығады, әлсіз командалар турнирден босатылады. Топтық кезеңнің жеңімпаздары жартылай финалға жолдама алады. Қалғандары - ширек финалға: жоғарғы рейтинг — өз тобында екінші орын алған командаларға, төменгі рейтинг — кестедегі үшінші жолақта орналасқан командаларға беріледі. Барлық матч "үштіктің үздігі" форматында өтеді.

Айта кетер бір жайт, 425 мың доллар командалар арасында бөлінеді: бірінші орынға — 200 мың, екінші орынға — 85 мың, үшінші және төртінші орынға— 40 мың, бесінші және алтыншы орынға — 20 мың, жетінші және сегізінші орынға — 10 мың доллар.

CS2 элитасындағы қазақстандық

Турнирде украиналық headtr1ck (Ninjas in Pyjamas), b1t және w0nderful (екеуі де — Navi) және ТМД өкілдері: Electronic, Perfecto, Ax1Le, Boombl4 ресейліктер және Hobbit лақап атымен танымал қазақстандық Абай Хасенов (барлығы Cloud9 құрамында) өнер көрсетеді. 29 жастағы Абайдың команда ішіндегі статистикалық көрсеткіштері жоғары, ал 2021 жылғы маусымда ол spring Finals 2021 ең құнды ойыншысы болып танылды. Қазақстандық киберспортшы MVP жүлдесіне үміткер бола ала ма, әлде жоқ па аптада білетін боламыз.

Ал сіз күн сайын жаңа iPhone 15 иесі бола аласыз! Parimatch-тың қараша айындағы ұтыс ойынына қатысыңыз. Жеңіске жетудің жаңа мүмкіндігі - күн сайын. Осы жерде бастаймыз.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2047124-zana-zyl-qarsanyndagy-saiqas-daniyada-cs2-turniri-bastalady/

pixel