jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық зілтеміршілер Әлем чемпионатын сәтті аяқтады

    Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты
    Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты. Фото: instagram/committee_sport

    Қазақстандық спорты Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан жасөмпірімдер арасындағы Әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мексиканың Гвадалахара қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігі өтті. 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жарысқа шыққан қазақстандық Айсамал Сансызбаева қоссайыс қорытындысы бойынша 250 келіні бағындырды. Серпе көтеруден 143 келіні, ал жұлқа көтеруден 107 келіні еңсерді.

    Сондай-ақ тағы бір қазақстандық ауыр атлет Егор Шерер (89 келі) қоссайыс қорытындысы бойынша 334 (153+181) келіні бағындырып, жарыс жолының 7-орынынан көрінді.

    Мексикада өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан намысын 5 спортшы қорғады. Осыған дейін Едіге Емберді алтыннан алқа тағып, ел байрағын биікке көтерді. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Мексикадағы әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс медальмен аяқтап отыр.

    Қазақстандық зілтеміршілер Әлем чемпионатын сәтті аяқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.