jitsu gif
Спорт

    Шавкат Рахмоновтың қарындасына сүйіктісі ұсыныс жасады

    Сора Рахмонова мен Нұрсұлтан Орынбасаров
    Сора Рахмонова мен Нұрсұлтан Орынбасаров. Фото: instagram/rakhmonova___

    Қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмоноваға сүйіктісі ұсыныс жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл қуанышты жаңалықты Сора Рахмонова өзі Instagram парақшасында хабарлады. UFC жауынгерінің қарындасы Сора сүйіктісінің ұсынсына "иә" деді.

    Сора Рахмоноваға сөз салған жігіт джиу-джитсудан спорт шебері, бапкер және Алматы облысы мәслихатының депутаты – Нұрсұлтан Орынбасаров. Рахмонованың өзі де аралас жекпе-жек шебері. Отандық Naiza промоушенінің жауынгері. Алайда жақында әлемнің үздік ММА ұйымы UFC-ге шығуды көздеп жүрген танымал спортшы.

    "Бақыттымын! Аллаға шүкір!", – деп жазды Сора Рахмонова Instagram-дағы парақшасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.