jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы әлем кубогын үш жүлдемен бастады

    Спортшы
    Спортшы. Фото: kazsports.kz/ru

    25 қарашада Италияның Базельга-ди-Пине коммунасында конькимен жүгіруден жастар арасындағы әлем әубогының алғашқы кезеңі басталды. Қазақстан құрамасы жарысты үш жүлдемен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Алғашқы жарыс күні нео-сеньор дивизионында мың метрге жарыста Инесса Шумекова қола жүлдеге ие болды. Ол қашықтықты 1:21.08 секундта жүгіріп өтіп, тағы бір ұлттық құрама спортшысы Арина Ильященкодан озып кетті. Мұнда Серена Пергер (Италия) алтыннан алқа тақса, Фрэн Ванхутт (Бельгия) күміс медаль жеңіп алды.

    Ал жастар арасындағы командалық сында еліміздің əйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Əпкелі-сіңлілі Кристина жəне Алина Шумекова, Мария Деген үштігі тек Нидерланд спортшыларына жол берді.

    Сосын, нео-сеньор дивизионында Қазақстан əйелдер құрамасы 2-сатыдан көрінді. Мұнда жарыс жолына Маргарита Артемьева, Арина Ильященко мен Алена Лифатова шықты.

    Ертең конькимен жүгірушілер қалған қашықтықта (500 м, 1500 м мен масс-стартта) жүлдеге таласады.

    Жалпы алғашқы кезеңге 26 мемлекеттен 165 спортшы жиналды. Ең көп делегация Польша (15 спортшы) мен Оңтүстік Кореяда (14 спортшы).

    Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы әлем кубогын үш жүлдемен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.