jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    НА
    Назерке Абибулла
    Бұрынғы қызметкер

    Теннисші Аружан Сағындықова ITF турнирінің екінші айналымына өтті

    Аружан Сағындықова
    Теннисші Аружан Сағындықова. Фото: ktf.kz

    Аружан Сағындықова Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің екінші айналымына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әлемнің 792-ракеткасы Аружан Сағындықова алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 929-орында тұрған италиялық Камилла Санолинимен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

    18 жастағы қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова ширек финалға шығу үшін әлемнің 347-інші, жарыстың 1-ракеткасы, румыниялық Андреа Присакариумен кездеседі.

    Қазақстандық теннисші Денис Евсеев те Майя (Португалия) челленджер турнирін жеңіспен бастады. Әлемнің 197-ракеткасы алғашқы матчта рейтингте 403-орында тұрған грекиялық Стефанос Сакелларидиспен күш сынасты. Бір сағат 37 минутқа созылған матчта Денис Евсеев 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

    Қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін әлемнің 159-ракеткасы, швециялық Элиас Имермен кездеседі.

    Теннисші Аружан Сағындықова ITF турнирінің екінші айналымына өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.