jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда бадминтон спортынан халықаралық турнир басталды

    Бадминтон ракеткасы
    Бадминтон ракеткасы. Фото: instagram/qaz_olympics

    Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы "Алма-Тау" сауықтыру кешенінде бадминтоннан халықаралық Apacs Kazakhstan International Series-2023 іріктеу турнирі басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық олимпиадалық комитеттің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстанда бадминтон спортынан халықаралық Apacs Kazakhstan International Series-2023 іріктеу турнирі басталды. Жарысқа Канада, Кипр, Индонезия, Үндістан, Израиль, Қазақстан, Малайзия, Мьянма (Бирма), Филиппин, Шри-Ланка, Шығыс Тимор, БАӘ, Өзбекстан, Замбия елдерінен 80-нен астам спортшы бақ сынауда.

    Халықаралық турнирге Қазақстан құрамасы сапынан Дмитрий Панарин, Артур Ниязов, Хайтмұрат Кульматов, Айша Жұмабек, Камила Смағұлова, Махсұт Таджибуллаев сияқты ел чемпиондары бастаған спортшылар қатысып жатыр.

    Айта кетейік, турнир 4 күнге созылады және 10 желтоқсан аяқталады деп жоспарланып отыр. Спортшылар 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпай қорын көбейту үшін сынға түседі.

    Қазақстанда бадминтон спортынан халықаралық турнир басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.