jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирде топ жарды

    Теннисші Дмитрий Попко
    Теннисші Дмитрий Попко. Фото: ktf.kz

    Әлемнің 504-ракеткасы Дмитрий Попко Анталияда (Түркия) өткен ITF турнирінің чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық теннисші турнирдің финалдық ойынында дүниежүзілік рейтингте 728-орында тұрған өзбекстандық спортшы Сергей Фоминмен чемпиондық атақты сарапқа салды.

    Нәтижесінде қазақстандық теннисші Дмитрий Попко тартысты матчта 6:4, 3:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

    Осылайша, Дмитрий үшін Анталияда өткен жарыс сәтті аяқталды. Попко бұл турнирді кәсіби мансабында екінші рет жеңіп отыр.

    Айта кетейік, осыған дейін әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингін жариялаған едік. Қазақстандық спортшы Елена Рыбакина 6365 ұпаймен төртінші орынын сақтап қалды. Ал Жібек Құлмбаева 495-орыннан, 493-орынға көтерілді (+2). Тағы бір қазақтандық теннисші Гозаль Айнитдинова 618-орыннан, 613-орынға жоғарылады (+5). Севилиядағы Әлем біріншілігінде тамаша өнер көрсеткен қазақстандық Анна Данилина 817-орыннан, 815-ке қадам басты (+2).

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.