jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисшілер "үздік шетелдік ойыншы" атағын жеңіп алды

    Теннис добы
    Теннис добы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қазақстандық теннисші Ева Корышева мен Даниэль Тазабеков Tennis Europe сериясы бойынша 2023 жылдың үздік шетелдік ойыншысы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 жасар Ева мен 16 жасар Даниэль Еуропа теннис қауымдастығынан (Tennis Europe Tour) "Жылдың үздік ойыншысы" (Еуропалық одақ елдерінен емес) сыйлығына ие болды.

    Ева Корышева биыл екі жеңісімен көзге түсті. Әуелі Ыстанбұл турнирінде топ жарса, кейін Бельгияда бірінші санаттағы жарыста үздік атанды. Осылайша ол 24 ұтыс, 5 жеңіліспен (83 пайыз) рекордтық көрсеткішке жетіп, Tennis Europe рейтингісінде 18-орынға тұрақтады.

    Ал Даниэль Тазабеков рейтингте 20-орынға көтерілді. Ол Tennis Europe аясында өткен жеті жарыста бақ сынады. Сондай-ақ Даниэль жұптық сында екі рет Испанияда Авилесте Apple Bowl және Италияда Толентино турнирінде (екеуі де бірінші санат) жеңіске жетті. Даниэльдің рекордтық көрсеткіші –15 жеңіс, 7 ұтылыс (68 пайыз).

    2022 жылы “үздік шетелдік ойыншы” атағын Заңғар Нұрланұлы, ал 2021 жылы Зара Дәркен иеленген еді.

    Қазақстандық теннисшілер "үздік шетелдік ойыншы" атағын жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.