jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Азия ойындарының күміс жүлдегері Галина Дувановаға пәтер сыйға берілді

    Галина Дуванова Азия ойындарында
    Галина Дуванова Азия ойындарында. Фото: Нұрғали Жұмағазы

    Астана қаласының үздік спортшыларын марапаттау рәсімінде джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері Галина Дувановаға бір бөлмелі пәтер сыйланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан Джиу-джитсу Ассоциацияның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Спорттық форумның шешімімен Астана қаласында Азия Ойындарының күміс жүлдегері Галина Дувановаға бір бөлмелі пәтер сыйланды. Сыйлықты Қазақстан спортшылар қауымдастығының төрағасы Азамат Қарлығашев табыстады. Пәтер сыйлау жеке тұлғаның демеушілігімен қаржыландырылды.

    Галина Дуванова 2023 жылы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Азия Ойындарында 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Галина үшін бұл екінші Азиада. Ол Джакартадағы бәсекеде 9 орынды еншіледі. 24 жастағы Дуванова былтыр АҚШ-тың Бирмингем қаласында өткен дүниежүзілік ойындарда күміс жүлдегер атанған.

    Азия ойындарының күміс жүлдегері Галина Дувановаға пәтер сыйға берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.