Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шахматшы Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетуде

Опубликовано:

Бибісара Асаубаева
Бибісара Асаубаева. Фото: kazsports.kz/Шамкен Байырбек

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Өзбекстанда өтіп жатқан рапид пен блиц шахматтан әлем чемпионатының екінші күнінде төрт ойын өткізіп, үшеуінде жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шахматтан әлем чемпионатының екінші күнінде ерлер мен әйелдер рапидте 4 ойыннан өткізді. Ұлттық құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева төрт ойынның үшеуінде жеңіп, ұпай санын 5,5-ке жеткізді. Осылайша 7 ұпаймен 1-орында тұрған Анастасия Бондарукке жетіп қалды.

Ұлттық құраманың басқа да ойыншылары Зарина Нұрғалиева, Назерке Нұрғали, Ксения Балабаева мен Әсел Серікбайда 5 ұпайдан бар.

Шахматтан Мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Қапаевтың айтуынша, чемпионатта Қазақстанның намысын 23 шахматшы қорғап жатыр.

"Арасында тәжірибелі шәкірттерімізбен қатар жас ойыншылар да жетерлік. Мұндағы мақсатымыз – олардың тәжірибе жинауына жағдай жасау. Мысалы, Ернұр Амангелді кеше көпшілік жақсы білетін Ян Непомнящиймен тең ойнады. Ал 10 жастағы Данис Қуандықұлы бүгін қатарынан 3 турда жеңіске жетті. Команда көшбасшысы Бибісарадан жақсы нәтиже күтетініміз белгілі. Жалпы барлық ойыншымыз өз деңгейінде өнер көрсетіп жатыр", – деді Дастан Қапаев Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Жылдам шахматтан Өзбекстандағы әлем чемпионаты 26-30 желтоқсан күндері өтуде. 26-28 желтоқсанда – рапидтен, 29-30 желтоқсанда блицтен сайыстар өтеді. Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры – 1 миллион АҚШ доллары. Оның 700 мыңы ерлер арасындағы ашық бәсекеде, қалған 300 мыңы әйелдер арасындағы турнирде жүлдегерлерге беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2053014-saxmatsy-bibisara-asaubaeva-alem-cempionatynda-satti-oner-korsetude/

pixel