jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Бензема әріптестеріне ұнамайды": Карим Instagram-дағы парақшасын өшіріп тастады

    Бензема мен Канте
    Бензема мен Канте. Фото: Robbie Jay Barratt - AMA/Getty Images

    Сауд Арабияның "Әл-Иттихад" клубының шабуылшысы Карим Бензема Instagram желісіндегі парақшасын өшіріп тастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Сауд Арабия Премьер лигасының 17-туры аясында Роналду бастаған "Әл-Наср" мен құрамында Карим Бензема бар "Әл-Иттихад" клубтары ойнаған еді. Нәтижесінде "Әл-Иттихад" командасы 5-2 есебімен ойсырай жеңілді. Осы ойыннан кейін Бензема Instagram желісіндегі парақшасын өшіріп тастады. Оның 76 миллион оқырманы бар еді.

    Бенземаның Instagram-дағы парақшасы
    Бенземаның Instagram-дағы парақшасы. Скриншот: instagram.com/karimbenzema/

    Бензема Сауд Арабияның спорт журналистері арасында сынға ұшырады. Танымал журналист Валид әл-Фарадж Карим туралы:

    "Бензема мен жанкүйерлер арасындағы алшақтық күннен-күнге артып келеді. Ол ойнап жүрген жоқ және жағдайды өзгерте алмады. Бензема жанкүйерлерге: "Мен сендермен жай ғана көңіл көтеріп жүрмін", – дейтін сияқты. Роналду болса қаңтарда келгенде, ойнағысы келетінін білдірді, бірақ Бензема өз командасына ештеңе ұсына алмады. Ол әріптестеріне ұнамайтын сияқты және өзін ыңғайсыз сезінеді. Себебін білмеймін", – деді Валид.

    Айта кетейік, Бензема "Әл-Иттихад" клубына 2023 жылдың жазында қосылды. Осы маусымда 20 ойын өткізіп, 12 гол мен 5 нәтижелі пас авторы атанды.

    Қазір Сауд Арабиясы чемпионатының турнир кестесінде "Әл-Иттихад" 28 ұпаймен 6-орында тұр. "Әл-Наср" клубы 43 ұпай еншілеп, 2-орынға жайғасқан.

    "Бензема әріптестеріне ұнамайды": Карим Instagram-дағы парақшасын өшіріп тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.