jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Шахматшылар дресс-кодқа байланысты талап қойған ФИДЕ-ге наразылық білдірді

    Шахмат
    Шахмат. Көрнекі фото: pixabay.com

    ФИДЕ-де тағы жанжал шықты. Шахматшылар дресс-кодқа қатысты наразылығын білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Quartz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Голландиялық шахматшы Анна-Мая Казарянға Халықаралық шахмат федерациясы 100 еуро айыппұл салды. Өйткені шахматшы Самарқандта өткен Әлем чемионатына Burberry-дің аяқ киімімен келген. Ал төреші бұл аяқ киімді спортқа арналған деп тапты.

    Аталмыш аяқ киім Burberry - дің Kingsly деп аталатын моделі. Бұл аяқ киімнің спорттық емес, қыдыруға арналған түрі. Бренд қазір бұл аяқ киімді жасап шығармайды, десе де кейбір дүкендерден табуға болады.

    ФИДЕ дресс-кодына сәйкес спортшылардың спорттық аяқ киіммен жарысқа қатысуына болмайды. Бірақ шахматшылар бұл талаптар әрдайым анық бола бермейтінін бірнеше рет айтқан. Анна-Мая Казарян бұл аяқ киімді жаттығу залына емес, күнделікті киюге арналған сәнді және стильді аяқ киім ретінде сатып алғанын айтты.

    Казарян ФИДЕ дресс-кодының талаптарына байланысты басы дауға қалған алғашқы ойыншы емес. 2017 жылы Аргентиналық Каролина Лужан Иранда өткен әлем чемпионатына қатысудан бас тартты. Өйткені барлық әйел ойыншыларға хиджаб кию тапсырылған еді.

    Шахматшылар дресс-кодқа байланысты талап қойған ФИДЕ-ге наразылық білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.