jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық теннисшілер жаңа маусымды жеңіспен бастады

    Анна Данилина мен Жібек Құлымбаева
    Анна Данилина мен Жібек Құлымбаева. Фото: Fran Santiago/Getty Images for ITF

    Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Денис Евсеев халықаралық турнирлерді жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Анна Данилина Жаңа Зеландияның Окленд қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда словакиялық Виктория Грунчаковамен бірге қытайлықтар Юань Юэ — Сю Ван жұбын 6:4, 7:6 (8:6) есебімен жеңді.

    Жібек Құламбаева Нонтхабуридегі (Таиланд) ITF W50 турнирінің ширек финалына өтті. Жібек грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге индонезиялық Беатрис Гумуля – жапониялық Рина Сайгомен кездесті. Қазақстандық-грекиялық дуэт 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

    Ал әлемнің 190-ракеткасы Денис Евсеев Канберрадағы (Аустралия) "Челленджер" турнирін жеңіспен бастаған еді, бірақ 1/4 финалға жетпей сүрінді. Ол чехиялық Якуб Меншиктен (167 АТР) 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

    Қазақстандық теннисшілер жаңа маусымды жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.