jitsu gif
Спорт

    Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты

    Теннисші Елена Рыбакина
    Теннисші Елена Рыбакина. Фото: Artur Widak/Getty Images

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралияда өтіп жатқан WTA 500 Brisbane International турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Турнирдің 1/8 финалында Рыбакина әлемнің 30-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенспен ойнады. Бірінші партияда қазақстандық теннисші қос брейк жасап, 6:1 есебімен басым түссе, екінші партияда қарсыласын 6:0 есебімен жеңді. Матч 58 минутқа созылды.

    Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін ресейліктер Вероника Кудерметовамен (№16) немесе Анастасия Потаповамен (№28) кездеседі.

    Бұған дейін Елена Рыбакина жаңа маусымдағы алғашқы матчында жеңіске жеткенін жазғанбыз. Ол аустралиялық теннисші Оливия Гадекиді 2:0 (6:4, 6:1) есебімен жеңді. Бір сағат 12 минутқа созылған кездесуде Рыбакина 4 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

    Айта кетейік, WTA 500 турнирінің жалпы жүлде қоры 1,7 млн АҚШ долларынан асады.

    Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.