Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралияда өтіп жатқан WTA 500 Brisbane International турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Елена Рыбакина ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 28-орында тұрған ресейлік Анастасия Потаповамен ойнады. Алғашқы сетте есеп 4:1 болып, Рыбакинаның пайдасына шешіліп тұрғанда, оның қарсыласы медициналық көмекке жүгінді. Кейін қазақстандық теннисші есепті 6:1-ге жеткізді. Ал Потапова жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.
Енді Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 40-ракеткасы Линда Носковамен (Чехия) немесе рейтингте 58-сатыда тұрған 16 жастағы Мирра Андреевамен (Ресей) кездеседі.
Бұған дейін қазақстандық тенисші WTA 500 турнирінің ширек финалына шыққанын жазғанбыз. Ол 1/8 финалда әлемнің 30-ракеткасы бельгиялық Элизе Мертенсті жеңген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2054067-elena-rybakina-australiyadagy-turnirdin-zartylai-finalyna-syqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.