jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Александр Бублик ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті

    Теннисші Александр Бублик
    Теннисші Александр Бублик. Фото: ktf.kz

    Қазақстандық теннисші Александр Бублик Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    ATP 250 турнирінің 8-ракеткасы болып тіркелген Александр Бублик екінші айналымда әлемнің 40-ракеткасы ұлыбританиялық Дэниел Эванспен кездесті.

    Бірінші партияда Эванс басымдық танытты (6:4). Ал екінші сетте Бублик алға шықты (6:2). Cоңғы партияда қазақстандық теннисші қарсыласын айқын басымдықпен ұтты (6:1).

    Екі сағатқа созылған бәсекеде Бублик 21 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. 

    Енді Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттиге қарсы ойнайды.

    Қазақстандық теннисшілерден Александр Недовесов те АТР-250 турнирінің ширек финалына өтті. Ол эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге екінші айналымда жарыстың 7-ракеткалары, ұлыбританиялық Ллойд Глaсспул – нидерландылық Жан-Жюльен Ройермен кездесті. Қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

    Александр Бублик ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.