jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина халықаралық турнирді жеңіспен бастады

    Теннисші Елена Рыбакина
    Теннисші Елена Рыбакина. Фото: Clive Brunskill/Getty Images

    Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбендегі жеңісінен кейін Аделаиде (Аустралия) турниріне қатысып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Елена Рыбакина Аделаиде (Аустралия) WTA 500 турнирін 1/8 финалдан бастады. Ол дүниежүзілік рейтингте 61-орында тұрған испаниялық теннисші Кристина Бучамен кездесті. Алғашқы сетте қазақстандық теннисші 6:3 есебімен қарсыласынан басым түсті. Екінші сетте де Рыбакина испаниялық ойыншыға дес бермеді (7:5). Матч 1 сағат 32 минутқа созылды.

    Енді Елена ширек финалға шығу үшін ресейліктер Екатерина Александровамен (21-орын) немесе Вероника Кудерметовамен (16-орын) шеберлік байқасады.

    Еске салайық, жақында Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалында Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы жеңіп, чемпион атанған болатын. Кейін ол Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингінде үшінші орынға көтерілді.

    Елена Рыбакина халықаралық турнирді жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.