Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина ресейлік теннисшіден жеңіліп, халықаралық турнирдің жартылай финалына шыға алмай қалды

Опубликовано:

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Фото: instagram.com/ktf.kz

Қазақстаннның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аделаиде (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына өте алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Рыбакина Аделаиде (Аустралия) турнирінің ширек финалында әлемнің 21-ракеткасы, ресейлік теннисші Екатерина Александроваға қарсы ойнады. Алғашқы партияда Елена 3:6 есебімен есе жіберді. Екінші сетте де ол қарсыласынан басым түсе алмады (3:6). Осылайша қазақстандық теннисші Аделаиде турнирін аяқтады.

Рыбакина аталмыш жарысты 1/8 финалдан бастаған еді. Елена өткен ойында дүниежүзілік рейтингте 61-орында тұрған испаниялық теннисші Кристина Бучамен кездесіп, 6:3, 7:5 есебімен жеңген еді.

Енді Елена Australian Open турниріне қатысады. Оның алғашқы қарсыласы – әлемнің 37-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишкова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2055065-elena-rybakina-reseilik-tennissiden-zenilip-xalyqaralyq-turnirdin-zartylai-finalyna-syga-almady/

pixel