jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Александр Бублик ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады

    Қазақстандық теннисші Александр Бублик
    Қазақстандық теннисші Александр Бублик. Фото: ktf.kz

    Қазақстандық теннисші Александр Бублик Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирінің финалына өте алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Александр Бублик жартылай финалда әлемдік рейтингте 62-орында тұрған Ұлыбритания өкілі Джек Дрейперге қарсы ойнады. Қазақстандық теннисші қарсыласынан 6:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

    Енді финалда Джек Дрейпер әлемнің 32-ракеткасы, чехиялық Иржи Лехечкамен бірінші орынға таласады.

    Еске салайық, Александр Бублик ширек финалда әлемнің 25-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттиді жеңген еді. Алғашқы сет 6:3 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді. Екінші партияда Музетти есе қайтарды (6:7). Ал шешуші сетте Александр 7:5 есебімен алға шығып, жартылай финалға жолдама алған болатын.

    Александр Бублик ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.