jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Александр Бублик ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды

    Қазақстандық теннисші Александр Бублик
    Қазақстандық теннисші Александр Бублик. Фото: ktf.kz

    Қазақстандық теннисші Александр Бублик Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Александр Бублик ширек финалда әлемнің 25-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттимен кездесті. Алғашқы сет 6:3 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді. Екінші партияда Музетти есе қайтарды (6:7). Ал шешуші сетте Александр 7:5 есебімен жеңіске жетті.

    Енді ол америкалық теннисші Томми Полмен (14) немесе Ұлыбритания өкілі Джек Дрейпермен (62) финалға жолдаманы сарапқа салады.

    Бұған дейін Александр Бублик ATP 250 турнирінің ширек финалына өткенін жазғанбыз. Ол өткен ойында әлемнің 40-ракеткасы ұлыбританиялық Дэниел Эвансті жеңді. Екі сағатқа созылған бәсекеде Бублик 21 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

    Александр Бублик ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.